Егер мен мұғалім болсам...

Егер мен мұғалім болсам...

 

Егер мен мұғалім болсам...  Иә, бұл бірнеше сөздің тамыры тереңде жатқандығын бірі білсе, енді бірі біле бермейді.  Барлық бала кішкентай кезінен армандай бастайды. Бірі дәрігер болсам, енді бірі ұшқыш болам дейді, енді бірі дүкенші болуды да армандайды. Ал, мен есімді білгелі мұғалім болуды армандадым. Маған сабақ беретін әр мұғалімге қарап, солардың мінездері мен жүріс-тұрыстарын үйреніп, сол кісілерге қатты еліктедім. Сол кісілер сияқты сабақ беріп жүрсем деп ойладым. Енді 7 сыныпта оқимын. Бұрынғыдай бәрі оңай бола бермейтіндігін түсіне бастадым. Сондықтан мұғалім болсам ең бірінші сауатты боуым қажет. Өйткені мен өзім ештеңе білмесем оқушыларға не үйретпекпін? Сол үшін бүгіннен бастауыш қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен терең меңгеріп келемін. Бос уақытым болса көркем әдебиет оқимын. Осы арқылы сауатты ұстаз боламын деп ойлаймын. Содан кейін оқушыларды тәртіпке үйретемін. Ол үшін де өзімді тәрбиелеп алу керектігін білемін. Өйткені, оқушылар мұғалімдердің түрлі мінездерін бақылап отырады, сол үшін мен оқушыларға үлгі бола білуім шарт. Менің ойымша мұғалім тек сабақ беріп, оқушыларды білімге ғана үйретпейді, мұғалім оларды өмірдің дұрысы мен бұрысын, ағы мен қарасын үйретеді. Осы орайда сынып жетекшілердің жұмысы көп деп ойлаймын. Сынып жетекші оқушылардың екінші анасы іспеттес. Мен сынып жетекші болатын босам оқушыларыммен жақсы қарым-қатынаста болатын едім, оларға түсіністікпен қараушы едім, ашық сөйлесер едім. Мектептегі түрлі шараларға қатыстырып, олардың биік шыңдардан көрінулеріне жол ашатын боламын. Міне, осылайша мен ұстаздар туралы түсінгендерімді қағаз бетіне түсіріп бердім. Мүмкін менің жазғандарым дұрыс емес те шығар, дегенмен бұл менің жүрегімнің түбіндегі асқақ  арманым, мұғалімдер жайындағы үзік сырым. 

 

Арив Аяулы,

7 «а» сынып оқушысы

 

Автор: Балшых А.
Просмотров: 7036
Дата создания: 1 Октября 2014 г.
Дата редактирования: 1 Октября 2014 г.