Тәрбиелік жұмыстар

Рассмотренных обращений: 2
Не рассмотренных обращений: 0

Ашық сабақ
Автор: Оразбеков С.О

«Тіл мерекесіне» арналған сценарий 8-«Ә» сынып оқушылары

«Тіл мерекесіне» арналған сценарий

8-«Ә» сынып оқушылары

Сынып жетекшісі:   Оразбеков Серікбай Орынбекұлы

 

І жүргізуші :   Арман

ІІ жүргізуші:  Фарида

 

 

І жүргізуші :   Арман

 

Тілім барда қазағым бар, халқым бар,

Дәстүрім бар,

Ата жолым салтым бар,

Кең даладай жиналмаған жан – жағы

Аңқау ашық мінезім бар аңқылдар.

 

ІІ жүргізуші:  Фарида

 

Тілім менің ерлігім де елдігім,

Кемеңгерім

Шешендігім кеңдігім.

Тілім менің – мөлдірлігім, пәктігім,

Ойлылығым,

Тереңдігім,

Теңдігім.

 

І жүргізуші :   Арман

 

Құрметті ұстаздар мен оқушылар!!!

Рухы – қайсар,  жаны – жайсаң сөзге – шешен халқымыз туған елінің, туған жерінің, жас ұрпағының еш халықтан кем болмауын  қашанда елдіктің ерекше мәртебесі санаған.

 

 ІІ жүргізуші:  Фарида

 

Сондай рухы – қайсар, жаны-жайсаң жандарға арналған 8-«Ә» сынып оқушыларының ұйымдастырып отырған «Асқақтай бер, ана тілім!» атты ән- кешін ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.

 

Би.  «Қазақстан ұлттарының биі»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І жүргізуші :   Арман

 

Ежелден ұлы елміз  іргелі

Шежіреміз

Тарихымыз ілгері

Менің тілім Қаз дауысты Қазыбек

Әйтеке мен Төле бидің тілдері.

 

ІІ жүргізуші:  Фарида

 

Мемлекеттік тілімізді сыйласақ,

Қазақ тілі біздер үшін жаралған.

Тіліміздің тарихы бар қол жетпес,

Айтсаң оның тарихына сөз жетпес,– демекші Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі өте бай әрі көркем. Ана тілін құрметтеген адам Отанын да сүйеді.

 

І жүргізуші :   Арман

 

Қазақ тілінің байлығы – қазақ халқының, қазақ ұлтының байлығы. Осы байлықты бағалай білуіміз керек. Сонда ғана біздің Қазақстан кез келген жұртпен иық теңестіре алатын іргелі ел бола алады.

 

 

ІІ жүргізуші:  Фарида

 

Бұл жанды тіл – менің азат тілім,

Жадымда талмай самғар қанат тілім.

Жыры - қуат, сөзі – ана уызындай,

Жасай бер, ана тілім – Қазақ тілім!

 

Алдарыңызда ана тілім деп жүректері соғып тұрған оқушыларымыз өлең-шумақтарымен.

 

Оқушылар тақпақтарын оқиды.

 

 

І жүргізуші :   Арман

 

Алдарыңызда Асылбек бен Әбілхайыр «Алматы кештері» әнімен.

 

 

 

 

І – жүргізуші:Туған тілім! Тас бұлақтың тұнығы да сенде!

 

ІІ – жүргізуші:Туған тілім! Ана сүтінің жұғымы да сенде!

 

І – жүргізуші:Туған тілім! Райхан гүлдің жұпары да сенде!

 

ІІ – жүргізуші:Туған тілім! Мәжнүн ғашықтың іңкәрі де сенде!

 

І – жүргізуші:Туған тілім! Қыран құстың жанары да сенде!

 

 

Оқушылар тақпақтарын оқиды.

 

ІІ – жүргізуші:  Хамидулла Жұлдызайдың орындауында «Туған өлке» әні.

 

 

Сахналық қойылым.

 

Финалдық ән.

 

 

І жүргізуші :   Арман

Ана тілім, дана тілім бақытым

Қазақ тілін білу менің парызым.

Тілім менің ұмытылмас тірлігім,

Кім біледі тіліміздің тағдырын.

 

 

І жүргізуші :   Фарида

 

Қазақ тілін сүйемін мен жаныммен.

Қазақ болып қалу үшін түбінде.

Қазақ тілім бас иемін мен саған

Тілге деген болу керек кең талғам.

 

Осымен ана тіліміз, қазақ тілінің мәртебесін дәріптеуге арналған ән-кешіміз аяқталды.

 

І жүргізуші :   Арман

 Жақсы күндерде жолығайық ағайын!!!

 

 


Просмотров: 144
Дата создания: 03.10.2013
Дата редактирования: 03.10.2013

Интернет-ресурстың интерфейс тілін таңдап алыңыз

Выберите язык интерфейса Интернет-ресурса

Select the interface language of an Internet-resource




Интернет-ресурстың контент тілін таңдап алыңыз

Выберите язык содержимого Интернет-ресурса

Select the content language of the Internet-resource