Список статей
Мемлекеттік қызмет-елдің мүддесіне адал еңбек

Мемлекеттік қызмет-елдің

мүддесіне адал еңбек

Еңбек етсең ерінбей – тояды қарның тіленбей,-деп атам қазақ бекер айтпаса керек. Сол

үшін де адам баласы дүниеге шыр етіп келгеннен еңбек етіп, өмір бойы тыным

таппайды. Ата-ана баласына еңбектің пайдасын түсіндіріп, еңбек жолына түсуіне

бағыт-бағдар береді. Одан кейін мектеп қабырғасында жүргенде ұстаздар да осы

мәселе бойынша көп нәрселер түсіндіріп, ұғындырады. Алайда, мұны бірі түсінсе,

енді бірі басқаша түсінеді. Себебі, қолдарына куәліктерін алған түлектер

алғашқы еңбек жолын бастайды, үлкен өмірге қадам жасайды. Қазақстанның әрбір

азаматы ерікті түрде өзінің еңбек ету орынын таңдауға құқылы. Сондықтан, бәрі

де қалаған маман иесі болып, сүйікті кәсібімен айналысады. Барлығы өзінің туған

елі мен жері үшін аянбай еңбек етеді. Біздің бүгінгі Қазақстан жастарының басты

міндеті – гүлденген мемлекеттің одан әрі өркендеп, етегін кең жаюға мүмкіндік

туғызу. Сол үшін қолынан келгеннен аянбау. Дегенмен, бес саусақ бірдей емес,-

демекші бірі адал қызмет етсе, енді бірі теріс жолға шығып, еткен еңбегінің

нанын адал жемейді. «Періште алтын көрсе жолдан таяр»,- демекші арам ақшаның

артына еріп, өзіндік ар-намыс, абыройдан айрылады. Көрсеқұмарлығы басым болып,

өзін тоқтата алмай, пара алған сайын ала түскісі келеді. Лас ақшаның арбауына

еріп, өмірлік құндылықтарды ұмытып, өзін шайтанның арбауына түскенін байқамай

да қалады. Менің ойымша мұндай адамдар азғындыққа салынып кетеді. Тіптен

газет-журнал беттерін ақтарып отырсаң ақша үшін анасына қол салып, еңбексіз

келген ақшаға құнығып кетеді. Біз қазақ елі мұндай емеспіз. Бұл бізге жат

қылық. Өмірімізді қорламайық!- деп осындай адамдарға жан айқайымды айтқым

келеді. Бәрінен де өзіміздің маңдай терімізді төгіп жеген бір тілім қара нанның

дәміне жетер ештеңе де жоқ екендігін ешқашан естен шығармасақ екен. Егеменді

еліміздің көк байрағы мәңгі желбіреуі үшін біз болып, сіз болып халқымызға адал

еңбек етсек қана бұл мүддеге жетпекпіз. Ендеше елдің мүддесін қорғап, халық

мұңын жоқтайтын ешқашан бұрыс сүрлеуге түспес үшін бүгінгі күннен бастап еңбек

түбі- береке екендігін санамызға сіңіріп, бойымызға ұялатқанымыз абзал. Мен

елімді сүйем, халқымды қорғаймын, отаныма адал еңбек етемін деген сөздер қазақ

деп жүрегі соққан әрбір азаматтың санасында болуы шарт деп білемін. Бұл менің

балалық пікірім болуы да мүмкін дегенмен Қазақ елінің мәңгі болуы үшін титтей

болса да қосқан үлесім деп білемін. Елімнің жарқын болашағы үшін мен мәңгі адал

еңбек етуге ант беремін.

Автор: Алиякбарова А.С.
Просмотров: 2302
Дата создания: 19 Октября 2016 г.
Дата редактирования: 19 Октября 2016 г.
www.egov.kz
Опрос